ОҚО-да қар құрсауынан 111 адам босатылды - Оқиға|13 Қаңтар 2013, 12:37
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

ОҚО-да қар құрсауынан 111 адам босатылды

Астана. 13 қаңтар. BAQ.KZ - 13 қаңтар таңертеңгі мәліметтер бойынша, ОҚО ТЖД жедел тобы (жеке құрамның 10 адамы мен 4 техника бірлігі) Созақ ауданындағы Шымкент-Шаян-Шолаққорған автожолы бойынша қозғалыстарын жалғастыруда.
Қазіргі уақытта Жартытөбе кентінен асты. 25 адам мен 4 техника шығарылды. «Одаман бұлақ» өткелінен Шаян елді мекеніне 18 адам мен 5 көлік жеткізілді. 

Шолаққорған елді мекеніне Шолаққорған-Шаян автожолында қар құрсауында қалған 50 адам мен 4 техника бірлігі эвакуацияланды.

Түлкібас ауданында 5 адам мен 1 техникадан құралған жедел топ Құлан кентінен Т.Рысқұлов елді мекеніне аудандық ауруханаға бара жатқан екі айлық баласы бар әйелді шығарып алды. Сондай-ақ Кентау-Шолаққорған автожолында қалып қойған 13 адам мен 1 техника қауіпсіз аймаққа көшірілді.

ОҚО Бәйдібек ауданында құтқарушылар жолды таба алмай адасып кеткен 42 жасар жергілікті тұрғынды іздестірді, ол 3 сағаттан кейін Шақпақ елді мекенінен 8-9 шақырым жерден табылды. Оның жағдайы - қанағаттанарлық. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер