Мас жүргізушінің кесірінен әйел мен оның алты жасар қызы қаза тапты - Оқиға|05 Қаңтар 2013, 14:44
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Мас жүргізушінің кесірінен әйел мен оның алты жасар қызы қаза тапты

ОРАЛ. 5 қаңтар. Baq.kz 31 желтоқсан күні сағат 19.00 шамасында Жәнібек ауданы орталығындағы М.Мәметова көшесінде жол-көлік оқиғасы орын алды деп хабарлайды ҚазАқпарат  

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, алкогольдік ішімдік ішіп алған ВАЗ-21214 «Нива» көлігінің жүргізушісі жаяу жүргінші жолдан 1971 жылғы Ж. есімді азаматша мен оның 6 жасар қызын қағып кеткен. Ағасының үйіне жаңа жыл мерекесін тойлауға келе жатырған зардап шегушілер оқиға орнында көз жұмды.

Көлік жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткенімен, ұсталып, қамауға алынды.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасуда.

Автор: Елжан Ералы 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер