Мас әйел газ баллонын жарып жібермекші болған - Оқиға|11 Қыркүйек 2012, 12:02
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Мас әйел газ баллонын жарып жібермекші болған

Қарағанды.11 қыркүйек.BAQ.kz - . Қарағандыда мас күйінде болған 37 жастағы әйел үйіне арнайы қызметтерді шақыртып, газ баллонын жарып жіберетіндігімен қорқытты, деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары агенттігі Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның ақпаратынша, оқиға 10 қыркүйек күні күндіз Қарағандының Қазыбек би атындағы ауданында болды. «Өртке қарсы қызмет бөліміне белгісіз әйел телефон шалып, өзінің пәтерінде газ баллонын жармақшы болып тұрғанын хабарлады.

«Оқиға орнына барлық құтқару қызметтері шықты. Қарағандының патрульдік полиция полкінің полицейлері алкогольдік мас күйінде болған 37 жастағы жұмыссыз әйелді ұстады», - делінген облыстық ІІД-нің таратқан хабарламасында.

Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 334 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер