Марқакөлде 1 келісі 9 мың АҚШ доллары тұратын өсімдікті теріп жүргендер ұсталды - Оқиға|12 Шілде 2012, 20:28
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Марқакөлде 1 келісі 9 мың АҚШ доллары тұратын өсімдікті теріп жүргендер ұсталды

ӨСКЕМЕН. 12 шілде. Күршім ауданының прокуратурасы Марқакөл орман шаруашылығын тексеру кезінде табиғатты қорғау бұзушылықтарын анықтады. «Нepialus armoricanus» балаңқұрттарын іздеуде жоғалу қаупінде тұрған және сирек кездесетін Марьин-тамыр өсімдіктерін тамырымен жұлып жүрген 14 адамнан құралған 3 топ ұсталды.

Белгілі болғандай, қытай медицинасында адамтамыр және Марьин-тамыр сияқты өсімдік табиғи дәрілік емдік қасиеті барлардың үштігіне кіреді. Ол энерезден бастап ісікке дейін әртүрлі ауруларды емдеуде қолданылады. Дәрі-дәрмектер балаңқұрттардан шығарылады. Қазақстанда сатып алушылар балаңқұрттардың 1 келісін 400 мың теңгеге бағалайды, ал Қытайда олардың 1 келісі шамамен 9 мың АҚШ доллары тұрады, деп хабарлады облыстық прокуратура.

Марқакөлде ұсталғандар дәрілік емдік қасиеті бар өсімдіктің 185 сабағын құртты, мемлекетке келтірілген шығын 149 655 теңгені құрады.

Сонымен қатар бұл аумақ күзеттің бақылауында болғанына қарамастан орманда азаматтардың тұрғаны анықталды. Жазғы уақытта бұл жерде тұру өте қауіпті, өрт шығуы ықтимал.

Аудан прокуратурасының ұйғарымы бойынша жүргізілген тексеру нәтижелерінде Күршім  ауданының полиция бөлімшесімен ҚР ҚК-нің 290 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, 13 азаматқа қатысты іс сотқа жөнелтілді.

Қазіргі уақытта «Марқакөл орман шаруашылығы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер