Маңғыстау облысында көлік апатынан 72 жастағы зейнеткер көз жұмды - Оқиға|06 Қыркүйек 2018, 14:58
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Маңғыстау облысында көлік апатынан 72 жастағы зейнеткер көз жұмды

Фото: Patrul.kz

Адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы 3 қыркүйек күні Ақтау-Жаңаөзен тасжолында болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі tumba.kz сайтына сілтеме жасап.

Жолда Toyota Land Cruiser-200 көлігі аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 72 жастағы апа ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Ол ауруханада есін жимаған күйі қайтыс болды.

Сонымен қатар 53 жастағы жолаушы, Жаңаөзеннің тұрғыны жабық бассүйек-ми жарақатын алып, миы шайқалып және басқа да жарақаттар алып, аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

52 жастағы көлік жүргізушісі, Теңге ауылының тұрғыны кздаған жарақат алды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер