BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Маңғыстауда төбелес кезінде 25 жастағы жігіт көз жұмды

Фото: cheltv.ru

Белгісіз біреулер Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөліміне жас жігіттің денесін алып келген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24kz сайтына сілтеме жасап.

30 қыркүйек түнгі сағат 01.30 шамасында аурухананың қабылдау бөліміне белгісіз екі адам ер адамның өлі денесін алып келіп, артынша жоқ болып кеткен.

«Сол жерде 1993 жылы туған ер адамның қайтыс болғанын анықтадық. Барлық тергеу істері Мұнайлы ауданының ішкі істер бөліміне тапсырылды», - деп мәлімдеді аурухана дәрігері.

Бейресми ақпарат бойынша, Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылында екі жігіт төбелесіп қалған. Қарсыласы қайтыс болған жігіттің кеудесін арматурамен ұрған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер