Маңғыстауда атыс: 4 адамды жаралаған күдікті ұсталды - Оқиға|11 Қыркүйек 2018, 10:39
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Маңғыстауда атыс: 4 адамды жаралаған күдікті ұсталды

Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері 7 қыркүйек күні төрт адамды оқ атып жаралап, оқиға орнынан қашып кеткен күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл факті Маңғыстау облысының Қарақия аудандық ішкі істер бөлімінде Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша тіркеліп, одан әрі қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігі 1,6,9-тармақтарына ауыстырылды (2 немесе одан көп адамдарға қатысты адам өлтіруге оқталу бұзақылық әрекеттері)", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеуді Маңғыстау облысы ІІД Тергеу басқармасы қолға алды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер