Маңғыстау ауылында ойнап жүрген баланы ток ұрып, комаға түсіп қалды - Оқиға|07 Қыркүйек 2018, 14:48
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Маңғыстау ауылында ойнап жүрген баланы ток ұрып, комаға түсіп қалды

Фото: vrachmedik.ru

Бала үйдің қарама-қарсы бағытында тұрған электр бағаны маңында ойнап жүрген кезінде токтан зардап шеккен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Бала үш күн бойы комада жатқан. Болған жағдайдың мән-жайын арнайы құрылған комиися анықтап жатыр. Бұл туралы «Маңғыстау Энерго» компаниясы мәлімдеді. Енді Атамекен ауылының тұрғындары балаларын көшеге шығаруға қорқады.

Бала бетонды бағаннан шығып тұрған арматураны қолымен ұстаған кезде тоқк ұрған. Балалардың айғайлаған дауысын естіген 7 жастағы Даниярдың апасы далаға шығып, олардың қасына барған кезде оны да ток ұрған.

Бала комаға түсіп, үш күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан. Бүгін ол ауруханадан шықты, бірақ ол бір ай ішінде кардиолог, невропатолог және психолог маманның тексеруінен өтуі керек.

Болған жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.

«Кабель тіректің қамытына құлап, ал ол қамыт электр тоғының астында болған.Ал жерасты сымдары сол қамытқа бекітілген. Мән-жайды анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды», - дейді «Маңғыстау Энерго» МКК директорының міндетін атқарушы Күмек Меделов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер