Құлсарыдағы операция бойынша екі лаңкес өлтіріліп, біреуі қолға түсті - Оқиға|12 Қыркүйек 2012, 13:18
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Құлсарыдағы операция бойынша екі лаңкес өлтіріліп, біреуі қолға түсті

Атырау. 12 қыркүйек. BAQ.kz - Бұдан бұрын Құлсары қаласында жорамалданып отырған лаңкестерді қарусыздандыру операциясы басталған болатын.

 

Ақжайық газеті жазғандай бүгін таңертеңнен бастап, №1-ші шағын ауданға қарасты  21,22, 29  үйлердің тұрғындары газ құбырының ақауы сылтауымен сыртқа шығарылған. Кейін үш үй арнайы отряд сарбаздары мен полицейлермен қоршауға алынған. Одан бөлек, сол маңдағы мектептің оқушылары мен мұғалімдері де қауіпсіз жерге көшірілген болатын.

Басылымда көрсетілгендей, лаңкестер тобы №22-ші үйдің төртінші қабатында жасырынып, берілу туралы ескертуге қарсылық білдірген. 

Бейресми дерек көздерінің хабарлауынша, бұл лаңкестердің өткен аптада Атырауда болған жарылысқа тікелей қатысы бар. Құқыққорғау органдары жарылысты ұйымдастырмақ болған басқа күдіктілердің ізіне түсіп, олардың Құлсары қаласында жасырынғандығын анықтаған.  

Интерфакс-Қазақстан агенттігіне қалалық құқыққорғау органдарының өкілі жеткізген ақпаратқа қарағанда, операция барысында екі лаңкес өлтіріліп, үшіншісі жараланған.Ол ауруханаға жеткізілген.  

Бұдан бөлек, дерек бойынша лаңкестер жасырынған тағы бір "нүкте" бойынша операция жүруде.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер