Құлсарыда лаңкестерді қарусыздандыру бойынша операция өтуде - Оқиға|12 Қыркүйек 2012, 12:32
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Құлсарыда лаңкестерді қарусыздандыру бойынша операция өтуде

Атырау.12 қыркүйек. BAQ.kz - Атырау облысының Құлсары қаласында жорамалданып отырған лаңкестерді қарусыздандыру операциясы басталды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Арнайы шара №1 шағынауданында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің бірінде өтіп жатыр, мұнда арнайы жасақ қызметкерлері лаңкестік қызметке қатысы бар деген адамдарға шабуыл жасауға дайындалуда.

Естеріңізде болса, бұдан бұрын Атырауда 5 қыркүйекте мешіт жаңында жарылыс болған, оған қатысы бар деген 4 күдікті қамауға алынған болатын. 

Интерфакс-Қазақстан агенттігінің дерекөзі бойынша бұл операция сол жарылысқа қатысты қамауға алынған төрт адамға қатысы болуы мүмкін. Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, өткен түнде Құлсарыға қосымша әскери бөлімнің сарбаздары жіберілген.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер