Құлсары қаласында жаппай төбелесте 19 жастағы жігіт мерт болды - Оқиға|08 Қаңтар 2013, 17:01
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Құлсары қаласында жаппай төбелесте 19 жастағы жігіт мерт болды

АТЫРАУ. 8 қаңтар. Baq.kz - Атырау облысында аудандық ауруханада жас жігіт жантәсілім етті. Ол ішінен жарақаттанып, ауруханаға түскен болатын деп хабарлайды ҚазАқпарат  

ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова хабарлағандай, таңғы сағат 07.00-де Құлсары қаласында жекеменшік бір үйдің ауласында төбелес болды. Оған 4 жас жігіт қатысқан, олардың ең үлкені небәрі 20 жаста. Төбелес кезінде 19 жастағы Құлсары қаласының тұрғыны жарақаттанған. Дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер