Құдағиын өлтірген қария алты жыл «арқалады» - Оқиға|30 Шілде 2012, 14:46
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Құдағиын өлтірген қария алты жыл «арқалады»

 ОРАЛ. 30 шілде. Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құдағиын өлтірген қарттың ісін қарады.

    Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұл қанды оқиға Бөрлі ауданының Қанай ауылында орын алған. Жасы жетпістің бесеуінен асқан ақсақал өзінің бірге тұрып жатқан әйелі және құдағиымен ащы суды ортаға алып, думандатып отырған. Араққа әбден масайған әйелі ұйықтауға арғы бөлмеге бет алғанда, бұлар отырыстарын жалғастыра берген. Сол арада әңгіме барысында екеуі сөзге келіп қалады. Шайтан судың әсерінен көзіне жын көрінгендей, атып тұрып, пештің жанында тұрған темір көсеуді алып, байғұс әйелдің басынан сегіз рет ұрады. Бас сүйегінен оңдырмай жарақат алған әйел сол жерде көз жұмады.
     Сотталушының өз кінәсін мойындамауына қарамастан, оның қылмысы нақты дәлелдермен, куәгерлердің айғақтарымен, сот медициналық сараптама нәтижесімен толықтай дәлелденді.
   Сонымен қатар сотталушыға жаза тағайындауда сот тарапынан оның жас шамасы мен денсаулығы, алғаш рет қылмыс жасауы, тұрғылықты жерінен алынған қанағаттанарлық мінездемесі ескеріле келіп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 96-бабының 1-бөлімі бойынша 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын түзеу колониясының қатаң режімінде өтеуге үкім етілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер