BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қостанайда локомотив пен трактор соқтығысып қалды 

Трактор жүргізушісінің кінәсінен Тобыл-Құсмұрын учаскесінде локомотивпен соқтығысу орын алды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға кеше сағат 21:50 шамасында орын алған.

«Қостанай жол бөлімінің Тобыл – Құсмұрын учаскесінің Тобыл маңы – Апановка аралығындағы күзетілетін теміржол өткелінде трактор мен жолаушылар пойызының локомотиві соқтығысып қалды. Трактор жүргізушісі жақындап қалған пойыздың алдына шыққан. Машинист шұғыл тоқтауды қолданғанымен, екі ортадағы қашықтықтың жақын болуына байланысты соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. Зардап шеккендер және қайтыс болғандар жоқ», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

«Жүк тасымалы» қызметінде хабарлағандай, теміржол өткелі шлагбаум және дыбыстық дабыл жүйесімен жабдықталған. Дыбыстық дабыл ақаусыз жұмыс істеп тұрған. Оқиғаның болжамды себебі – көлік құралының, яғни, К-700 тракторы жүргізушісінің теміржол өткелінен өту ережесін бұзуы.

«Оқиға салдарын жою үшін Тобыл станциясындағы қалыпна келтіру пойызы жұмылдырылды. Учаскедегі қозғалыс толық жаңғыртылды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да арнайы комиссия құрылып, тергеу жүргізіліп жатыр», - деді баспасөз қызметі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер