Жол-көлік оқиғасы 10 қыркүйекте қазақ-түрік лицейіне жақын жердегі Қобыланды батыр даңғылында болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kstnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 10 қыркүйекте қазақ-түрік лицейіне жақын жердегі Қобыланды батыр даңғылында болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kstnews.kz сайтына сілтеме жасап.
101 бағытындағы автобус жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйел мен оның баласын қағып кетті.
«Бес жастағы ұл бала зардап шекті. Ол бірден ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Арада екі күн өткеннен кейін травматология бөліміне ауыстырылды. Ол ауруханада анасымен бірге жатыр. Бала жабық-ми жарақатын алған», - дейді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Игорь Белобржицкий.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР ҚК-ның «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!