Қостанайда кәріз құдығына түсіп кеткен 7 жасар бала аман қалды - Оқиға|22 Тамыз 2012, 18:20
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қостанайда кәріз құдығына түсіп кеткен 7 жасар бала аман қалды

Қостанайда 7 жасар бала кәріз құдығының қақпағын басам деп ішіне түсіп кеткен. Жақын маңда жүрген анасы көмекке адамдарды шақырғанының арқасында бала тірі қалды.

«Жедел жәрдем» баланы облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Дәрігерлердің айтуынша, бала қатты қорқып қалған. Денесінде айтарлықтай жарақат жоқ. «Басы мен беліндегі жырылып кеткен жерлерге таңғыш қойылды. Бұдан соң бала үйіне жіберілді. Ол тек жарасының аузын жиі тазалатып тұру үшін күнде емханаға келіп тұруы қажет», –деді 1tv.kz тілшісіне облыстық балалар ауруханасының емдеу жұмыстары жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары Ольга Сон.

Айта кетейік, соңғы кездері балалардың кәріз құдықтарына құлап кету оқиғалары жиі орын алуда. Бұл көбінесе ата-аналардың қараусыз қалдыруынан болып жатады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер