Қостанай облысында вагондар рельстен шығып кетті - Оқиға|06 Қыркүйек 2018, 12:48
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қостанай облысында вагондар рельстен шығып кетті

Фото: ашық дереккөзден

Оқиға 6 қыркүйекте Әулиекөл ауданындағы Қазанбасы станциясында орын алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қостанай облысы ТЖД сілтеме жасап.

«Шағыл тас тиелген 53 вагоннан тұратын құрамның екі вагоны рельстен шығып кеткен. Нәтижесінде «Астана-Маңғышлақ» бағыта бойынша жүретін №37 жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Зардап шеккендер жоқ», — деп хабарлады ТЖД.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын Қазанбасы станциясының жұмысшылары жүргізуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер