Қорғаушылар: Челах зорлық көрсеткен соң өлтіргенін мойындаған - Оқиға|03 Тамыз 2012, 09:53
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қорғаушылар: Челах зорлық көрсеткен соң өлтіргенін мойындаған

АСТАНА. 3 тамыз. BAQ.KZ - Қызметтестерін өлтірді деген күдікпен қамалған шекарашы Владислав Челах қылмысты өзіне зорлық көрсетеміз деген соң мойнына алғанын айтты. Бұл туралы күдіктінің қорғаушысы Серік Сәрсеновке сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлайды.

Адвокаттың айтуынша, ұсталған соң Челахқа психологиялық қысым жасалған. «Оған қоқан-лоққы жасаған, қорқытып, мойындауын талап еткен, сосын ол еріксіз мойындаған», - дейді ол. Сәрсенов Челахтың өзін қинағаны жөнінде Қазақстан Бас прокуроры атына арыз дайындап жатқанын да айтқан.

Күдіктінің екінші қорғаушысы Василий Резван да Челахқа қысымның болғаны жөніндегі ақпаратты қуаттап отыр. Өзіне қандай қысым көрсеткені жөнінде Челах адвокаттармен кездескенінде хабарлағанын айтады ол. Оның мәлімдеуінше бұрынғы шекарашы әзірше тек психологиялық қысым жөнінде айтып берген. «Дене жарақаты туралы ол әзірше ештеңе айтпады. Алайда біз оның (дене жарақатының) белгілерін көрдік. Оның саусақтары таңғышпен оралған, еріндері ісіп кеткенін байқадық», - деген қорғаушы.

Естеріңізге сала кетейік, Владислав Челах «Арқанкерген» шекара бекетінде әскери қызметшілерді өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын. Артынша Бас прокуратура оның қылмысты мойнына алғаны жазылған бейнежазбаларды таратқан. Ал, жақында Челах мойындау көрсетпелерін беруден бас тартты. «Маған қысым жасалғандықтан, еріксіз мойныма алдым. Шекарашыларды өлтірген мен емес. Шекара бекетіне шабуыл жасалды», деді ол.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер