Көкшетауда алаяқ марқұмның банктегі ақшасын шешіп алмақ болды - Оқиға|18 Ақпан 2018, 10:51
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Көкшетауда алаяқ марқұмның банктегі ақшасын шешіп алмақ болды

Көкшетау қаласының полицейлері алаяқтық жасамақ болған азаматты тұтқындады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкшетаудағы Ішкі істер басқармасына қалалық банк қызметкерлерінің бірінен хабар келіп түсті. Полицейлердің анықтауынша, күдікті бөтен адамның құжаттарын пайдалану арқылы депозиттегі ақшаны алмақ болған. Тексеріс барысында депозит иесінің қайтыс болғаны анықталды.

«Зеренді ауданында тұрып жатқан азамат марқұмның туысқаны болып шықты. Ол туысының банктегі шотында ақша барын біліп, кейін оның құжаттарын пайдалану арқылы банктегі соманы шешіп алмақ болды. Бірақ, ережеге сәйкес, марқұмның банктегі ақшасын жақындары ғана шешіп ала алады және бұл алты айға дейін мүмкін. Осы жағдайда марқұмның анасының ғана құқығы бар еді», - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Аталған фактіге сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер