Көкшетауда терезеден лақтырылған бөтелке 9 жасар баланың өмірін қиды - Оқиға|25 Шілде 2012, 23:55
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Көкшетауда терезеден лақтырылған бөтелке 9 жасар баланың өмірін қиды

АСТАНА. 25 шілде. Көкшетауда терезеден лақтырылған сыра бөтелкесі 9 жасар баланың өмірін қиып кетті. Полицейлер сынған шыныдағы саусақ іздері арқылы бөтелкенің иесін тез арада тауып алды, деп хабарлайды Ақмола облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

 

Кеше, 24 шілде күні Ақмола облысының балалар аруханасына «миының шайқалу» диагнозымен 2003 жылы туған ер бала келіп түсті.  Аталмыш оқиғаға байланысты шұғыл түрде жедел-тергеу тобы жіберілді.

Жәбірленушінің сыныптасынан сұрау барысында, олар 24 шілде күні шамамен 20.00 уақытта үйлердің арасында ойнап жүрген. Кенет терезеден лақтырылған бөтелке баланың басына түсіп, оны есінен тандырды.   

Оқиға орын алған жерді тексеру барысында полицейлер сынған бөтелкенің бөліктерін алып, ондағы саусақ іздерін түсіріп алды. Үй-үйді аралау барысында полицейлер мас күйде жатқан 26 жастағы күдіктіні ұстады. Оның үйінен сыраның 2 бөтелкесі табылды. Олардан саусақ іздері алынды. Салыстыру кезінде, олар оқиға орнында табылған бөтелке сынықтарындағы саусақ іздерімен сәйкес келді. Тергеу жалғасуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
22 Желтоқсан 2018, 15:24
БАЛАНЫҢ ТІЛІ
Пікірлер