Фото: интернеттен
alau.kz редакциясына Қостанай тұрғыны Ксения Венгерская хабарласып, қызының зардап шеккенін жеткізді. Оның айтуынша, оның қызы қатты қорқып қалған. Жағдай 6 қыркүйек күні болады. Ксенияның 10 жастағы қызы қаладағы жастар желекжолында ойнап жүреді. Ойын кезінде веломобильмен соқтығысып қалған, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
«Веломобильде екі және бес жасар балалар болған. Балалары зардап шекпеген, бірақ қызымның аяғын қатты басып кеткен. Қызым кешірім сұраған. Сол кезде бір әйел шығып оны курткасынан ұстап жұлқылап, былапыт сөздер айтқан. Балам жылап, тағы кешірім сұрайды. Куәгерлер бар. Олар – сол жерде балаларымен қыдырып жүрген ата-аналар. Әйелге сабыр сақтаңыз деп өтінген. Қызым үйге шошып келді, тағы жылады. Қазір ол желекжолға шығып ойнауға қорқады», - деді Ксения Венгерская.
Қыздың анасы соңғы үш күн бойы әйелді табуға шыққан. Соңында зардап шеккен қыздың анасы ретінде полицияға арыз қалдырды.
«Маған ақша керек емес, мен соттаспаймын. Тек қызымның алдына келіп кешірім сұрағанын қалаймын», - деді ол.
Еске сала кетсек, бұл осы желекжолда үлкендер мен кішкентайлардың арасындағы бірінші жанжал емес. Бұған дейін де Қостанай соты осындай жағдайдан кейін біреуді жазалаған болатын.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!