Қызылорда облысында пойыз рельстен шығып кетті - Оқиға|13 Қараша 2018, 09:13
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қызылорда облысында пойыз рельстен шығып кетті

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Қызылорда облысы. BAQ.KZ. Жүк пойызының 16 вагоны рельстен шығып кетті, зардап шекендер жоқ. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінен хабарлады.

12 қараша сағат 23:40 шамасында Қызылорда облысы бойынша төтенше жағдай департаментінің кезекші қызметкерінен Қазалы-Арал бағытындағы Арал ауданына қарасты "Қамыстыбас-Шөміш" аумағының 2426 шақырымында ПК-7 П-1273 жүк пойызы рельстен шыққаны туралы хабарландыру түскен. Бүгінде апаттың себебі анықталуда.

ТЖД мәліметіне сәйкес, машинист Б.Баймаханов басқарып отырған ТЭЗЗА-0137 тепловозы тежегіш магистралінде қысым төмендеуіне байланысты 73 шақ./сағ. жылдамдығымен келе жатқан бойда сағат 23.05 жедел тоқтау жасаған.

Пойыз құрамын қарау барысында пойыздың бас жағында 6-21 вагондары рельстен шыққаны анықталды. Жалпы, құрамында 45 вагоны бар жүк пойызының 16 вагоны аударылған, жүгі анықталуда. Адам шығыны жоқ.

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Қазіргі таңда оқиға орнында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ апатты-құтқарушы қызметтерінің 70 қызметкері, оның ішінде 2 қалпына келтіру пойызы, ТЖД, сондай-ақ, Арал және Қазалы аудандары әкімдіктері мен облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының 25 қызметкері жұмыс істеп жатыр. Оқиға салдарынан 3 жолаушы пойызы тоқтап тұр. Олар: Қазалы станциясында № 481 «Ташкент-Самара» пойызы; Арал теңізі станциясында № 378 «Маңғышлақ-Алматы» пойызы; Сексеуіл станциясында № 618 «Қызылорда-Астана» пойызы.

«Алматы-Маңғышлақ» жолаушы пойызында 723 адам, оның ішінде 7 жасқа дейінгі 39 бала, «Қызылорда-Астана» пойызында 191 адам, оның ішінде 7 жасқа дейінгі 40 бала, «Ташкент-Самара» пойызында 183 жолаушы, оның ішінде 13 бала бар. Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ, жергілікті полиция қызметінің күшімен 3 пойыз жолаушыларының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер