Қазақстанның бірнеше аймағында жер сілкінді - Оқиға|09 Тамыз 2017, 09:11
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанның бірнеше аймағында жер сілкінді

Бүгін Қытайда болған жер сілкінісін қазақстандықтар да сезген. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазуда. Ал ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ баспасөз қызметі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай бірнеше рет Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелгені туралы мәлімет таратты. Бірақ, ресми деректер жер сілкінісі сезілмегенін жазған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгін таңғы 6 сағат 22 минут 35 секундта эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 486 шақырым қашықтықта Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуінің энергетикалық санаты - 12.0. Магнитудасы - 5.4 MPV. Бағыты - 44.43° с.е. 82.70° ш.б. Тереңдігі – 20 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 20 минут өткен соң жер асты дүмпуі екінші рет тіркелген.

«Таңғы 6 сағат 40 минут 22 секундта эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 468 шақырым қашықтықта Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуінің энергетикалық санаты - 11.1. Магнитудасы - 4.9 MPV. Бағыты - 44.36° с.е. 82.50° ш.б. Тереңдігі – 20 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ», - деп жазылған.

ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ баспасөз қызметі үшінші рет жер сілкінісі болғанын да жариялады.

«Таңғы 6 сағат 51 минут 01 секундта эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 486 шақырым қашықтықта Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуінің энергетикалық санаты - 10.1. Магнитудасы - 4.4 MPV. Бағыты - 44.36° с.е. 82.44° ш.б. Тереңдігі – 25 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ», - деп мәлім етті ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ.

Сонымен бірге, зілзала қайтадан төртінші рет тіркелген.

«Таңғы 6 сағат 54 минут 31 секундта эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 478 шақырым қашықтықта Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпуінің энергетикалық санаты - 10.5. Магнитудасы - 4.6 MPV. Бағыты - 44.36° с.е. 82.63° ш.б. Тереңдігі – 20 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер жоқ», - деп жазылған хабарламада.

Ал Қазақстан аумағында, нақты айтқанда Өскеменде қатты жерасты дүмпуі сезілді, деп хабарлады YK-news.kz. Жер асты дүмпуін өскемендіктер шамамен таңғы сағат 5 сағат 30 минутта сезінді. Алматыда да көршілес Қытай елінде болған жер сілкінісі сезілгені туралы желі қолданушылары жазуда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер