«ҚазМұнайГаз өнімдері» директоры пара алды деген күдікпен ұсталды - Оқиға|07 Қараша 2018, 16:30
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«ҚазМұнайГаз өнімдері» директоры пара алды деген күдікпен ұсталды

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның «ҚазМұнайГаз өнімдері» ЖШС бас директорының заңсыз іс-әрекеттерінің жолы кесілгенін мәлімдеді.

«2018 жылдың 1 қараша күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның «ҚазМұнайГаз» өнімдері ЖШС бас директорының заңсыз іс-әрекеттерінің жолы кесілді. Ол өзіне бағынышты «ҚазМұнайГаз өнімдері» ЖШС-ның ШҚО филиалы директорының міндетін атқарушыдан жалпы қамқорлығымен оның қызметтік әрекеттеріне жол беру үшін 4,3 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде», - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова.

Оның айтуынша, өз кінәсін мойындауына байланысты күдіктілерге қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Тергеу жүргізілуде. Кепілдік сомасы шамамен 5 млн теңгені құрайды.

Еске сала кетсек, осыған дейін агенттік өкілі пара алу фактісімен ұсталған Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты ресми мәлімдеме жасаған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер