Қазақстанның Беларусьтағы елшілігінің есепшісі 700 мың доллар жымқырған - Оқиға|05 Қаңтар 2017, 11:50
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанның Беларусьтағы елшілігінің есепшісі 700 мың доллар жымқырған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Қазақстанның Беларусь Республикасындағы елшілігінің аға есепшісі А.Сейдуалиевті ұстады, деп хабарлайды Baq.kz.

Ол 2012-2015 жылдар аралығында ақша ұрлаған.

«Елшілік ғимаратын салған бас мердігер «Активбизнесплюс» ААҚ-ға төлем жасалды деген жалған шығыс кассалық ордер әзірлеу арқылы 207 мың доллар мөлшерінде бюджеттік қаражат ұрлаған», - деп хабарлайды ұлттық бюро.

Сондай-ақ, осы кезеңде А.Сейдуалиев елшілікке Беларусь Республикасының салық органдарынан қосылған құн салығын қайтару ретінде түскен 474 883 долларды да жымқырған.

Ұрланған қаражаттың жалпы көлемі 681 883 АҚШ долларын құрайды.

Қазіргі уақытта А.Сейдуалиев Астана қаласы ІІД уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер