BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан жол апаты бойынша әлемде алғашқы орында 

Фото: ашық дереккөзден

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда жолдағы апаттың деңгейі Норвегиядан 11 есе көп. Жақында ғана Астанада Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанның жол апаты бойынша әлемде бірінші орында екендігі айтылды.

Бұл туралы «Ортақ жол» жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығының бас хатшысы, «За рулем» Қазақстан журналының бас редакторы Алексей Алексеев жол құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында айтты.
Оның айтуынша, автокөлік әлемдегі ең қауіпті көлік түрі. Мәселен ұшақ құлауы мүмкін, алайда статистика бойынша ол жылына 500 адамның өмірін қияды екен. Ал автокөліктен жылына 1 млн 240 мың адам қаза табады.

«Қазақстан жолдары жыл сайын 3 мыңнан аса адамның өмірін жалмауда. Тағы 3,5 мың адам жарақат алады. 2018 жылдың алты айында елімізде 6703 жол қозғалыс оқиғасы болған, 780 адам көз жұмған. Апатты жағдайдың басым көпшілігі Алматы мен Алматы облысында тіркелген. Тас жолда қайғылы жағдайдың орын алуының басты себептері қарсы бетке шығып кету, ал қалада бағдаршамның қызыл түсіне өту, бұрылыста жылдамдықты сақтамау болып отыр», - дейді А. Алексеев.

Сонымен қатар ол, елімізде жол қозғалысы ережесін сақтау жағдайы өте төмен екендігі айта келе, жол қозғалысы оқиғаларының алдын алу үшін бірқатар іс-шаралар өткізіп жатқандарын жеткізді.

«Қазір әсіресе балалармен жұмыс істеуге көп көңіл бөлудеміз. Жол қозғалысы ережесін сақтаудың маңыздылығын балалар арқылы үлкендерге жеткізгіміз келеді. Мәселен ата-анасымен өтуге болмайтын жерде кетіп бара жатқан бала міндетті түрде бұл жер өтуге арналмаған деп оларға ескерту жасайды. Сондай-ақ жас балалардан құралған жол инспекторларымен де жұмыс атқарамыз. Осы инспекторлар арасында жыл сайын байқаулар өткізіледі, оған балалар қуана қатысуда. Яғни, жол ережесінің зардаптары қандай болатынын бала кезден бойына сіңіріп өскен азамат оны бұзбауға тырысады. Алдағы 10-15 жылда жағдай қазіргіден тәуір болады деген ойдамыз», - дейді ол.

Фото: Автордікі


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер