«Қазақмыс» жұмысшылары 6 млн теңгеге мыс ұрлады - Оқиға|01 Қазан 2018, 15:50
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Қазақмыс» жұмысшылары 6 млн теңгеге мыс ұрлады

Фото: ашық дереккөзден

Балқаш мыс қорыту зауытының 4 жұмысшысы, күзет агенттігінің екі қызметкері және жұмыссыз азамат ұрлық жасағаны үшін шартты түрде сотталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Liter.kz порталына сілтеме жасап.

Мысты «Қазақмыс» корпорациясының 2 машинисті, Балқаш мыс қорыту зауытына қарасты Kazakhmys Smelting компаниясының мастері, бір жұмыссыз азамат, жеке күзет агенттігінің екі күзетшісі ұрлаған. Күзетшілер келісім шарт негізінде «Қазақмыс» компаниясына күзет қызметін ұсынған.

«Сот айыпкерлерді қоғамнан оқшауламай түзету қажет деген шешім шығарды», - деді Балқаш қалалық сотының судьясы Марат Башанов.

Балқаш мыс қорыту зауытының мастері және жұмыссыз азамат шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал аталған корпорациясының 2 машинисті мен жүргізушсінің бостандығы 4 жылға шектелді.

Қақпаны ашып, ұрланған мысты алып кетуге жол берген жеке күзет қызметінің қарауыл басшысы мен күзетшісі ұрлыққа қатысы бар деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Олар ҚР Қылмыстық кодекстің «Ұрлық жасауға оқталу», «ұрлық», «қарақшылық тонау» баптары бойынша айыпты деп танылды.

Ұрылар 5 млн 828 мың теңгенің 4 мың 330 кг мысын қолды еткен. Қазіргі таңда оның жарты бөлігі компанияға қайтарылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер