«Қазақфильм» маңындағы өрттің себебі анықталды - Оқиға|30 Қазан 2018, 18:50
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Қазақфильм» маңындағы өрттің себебі анықталды

Астана, BAQ.KZ. Бүгін, сағат 17:00 шамасында «Қазақфильм» киностудиясының аумағында орналасқан «Вавилон» декорациясында өрт орын алды.

Куәгерлердің айтуынша, декорацияны жасөспірімдер өртеген. Жақын маңда жүрген тұрғындар өртенген аумақтан қашып бара жатқан жасөспірімдерді көргендерін айтады.

«Үстіміздегі жылы қыркүйек айында «Томирис» фильмінің соңғы түсірілімдері өткен «Вавилон» декорациясы бүлінбеген. Өрт 60 кв.м аумақты шарпып үлгерді. Өрт түгел сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алматы қаласының өрт сөндіру-құтқару бригадасының өртті тез ауыздықтап, кәсібилік танытқандары үшін алғыс білдіреміз», - деді «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер