Қарттарды "сабаған" алматылық ұсталды - Оқиға|15 Қаңтар 2013, 12:34
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қарттарды "сабаған" алматылық ұсталды

Астана. 15 қаңтар. BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің бастығы Салтанат Әзірбек хабарлап отыр. Көшеде қарттарға қол көтеріп, егде тартқан ерлі-зайыптыларды сабап жүрген азамат Бостандық ауданының тұрғыны екен. Тіпті, болған жәйтті өзі де мойындап отыр.  Ал, жәбірленуші жандарға тоқталсақ, күйеуі 1955 жылы, әйелі 1955 жылы дүниеге келген.  

Естеріңізде болса, бұл осыдан бірнеше күн бұрын орын алған жәйт. Осыған байланысты қылмыстық іс қозғалып, іс сотта жіберілді.
Оқиға болған сәттен кейін жәбірленушілер сотқа арызданған. "10 қаңтар күні сағат он шамасында Әуезов көшесінде немересі үшеуі келе жатқан. Шевченко көшесіне жетпей екі көлік иелері бір-бірімен шиеленіскен. Нәтижесінде Ford Focus автокөлігінің иесі көлігінен түсіп, екеуін сабаған" дейді Салтанат Әзірбек.
Жақында бұл оқиғаның куәсі болғандар қателесіп A856DVP нөмірлі көлікті нұсқаған. Бірақ, бұл нөмір Camry маркалы көлікке тиесілі болып шықты.Ал, бұзақы болса Ford Focus көлігімен жүрген.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер