Қаратау мен Жаңатастағы электр жүйесі қалпына келтірілді - Оқиға|14 Қаңтар 2013, 12:09
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қаратау мен Жаңатастағы электр жүйесі қалпына келтірілді

Астана. 14 қаңтар. BAQ.KZ – 14 қаңтар күні таңғы сағат төрттер шамасында Қаратау мен Жаңатасқа электр жарығы берілді. Бұл жайында ҚазТаг Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады. 

«Қаратауға электр энергиясы Жаңатасты да қамтитын жалпы жүйе бойынша берілді. Бүгін түске дейін қазандықтар қайта жұмысын бастауы тиіс. Бірінші кезекте солар іске қосылады» деді Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Асқар Жалдинов.
Оның айтуынша, жылудан басқа жұмыстардың барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр. Мәселен, ас-ауқатпен, сумен, тұрмысқа керекті тауарлармен аталған елдімекендердің тұрғындары толықтай қамтылған. Сонымен қатар, Қаратаудағы «Қазақтелеком» АҚ-ның байланысы қалпына келтірілді. Жаңатаста болса бұл жұмыс бүгін аяқталуы тиіс.
Апат болған аймақта мән-жайды қадағалау үшін Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев пен оның орынбасары қалып отыр.
Естеріңізге салайық, 12 қаңтар күні ауа-райының күрт бұзылуынан Талас пен Сарысу аудандарында және Жаңатас қаласында электр жарығы сөніп қалған болатын. Қаратау қаласында электр энергиясымен бірге ауыз су және көгілдір отын да тоқтатылған еді. Ауруханада емделіп жатқан 84 науқастың 45-і үйлеріне қайтарылған. Жағдайы нашар төрт науқас Тараздағы облыстық ауруханаға жеткізілді. Қалғандары жергілікті емдеу орталығында, мұндағы ауа температурасы +17 градусты көрсетіп тұр.
Қаратаудағы табиғи апаттың салдарынан 100 темірбетонды, 80 ағаштан жасалған ьағандар құлатылды. 10 шақырым электр сымы үзілген. Көшелердің барлығында талдар құлап, аялдамалар бұзылған. Жанар жағармай бекеттері жұмысын тоқтатқан болатын.
Зардап шеккен аймақтарға республикалық жедел құтқару отрядтары, азаматтық қорғаныс полкі, өзге де жауапты мемлекеттік оргнадардың қызметкерлері жұмылдырылды. Елбасы тапсырмасымен дауылдың салдарымен күресетін республикалық штаб құрылып, оған ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев басшылық жасауда. Ол апат аймағынан елдімекендер электр энергиясымен толықтай қамтамасыз етіліп біткенше кетпейтіндігін мәлімдеп отыр. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер