Қарасора өсірген қызылордалық қолға түсті - Оқиға|12 Шілде 2012, 17:54
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қарасора өсірген қызылордалық қолға түсті

ҚЫЗЫЛОРДА. 12 шілде. BAQ.KZ - Қызылорда-Жезқазған тас жолының бойында, Қызылорда облысының аумағында қарасора өсіріп жүрген 47-жасар азамат қолға түсті, деп хабарлайды Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің нашақорлыққа қарсы күрес арнайы бөлімі.

30 шаршы метр аумақта өсірілген «шөпті» мамандар есірткі тектес өсімдік қатарына жатқызды.Тінту барысында тағы 240 түп қарасора тәркіленді.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 262 бабы, 2 тармағына сәйкес "Есірткі тектес өсімдіктерді заңсыз өсіру"фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер