Қарағандылық әйел полиция бөлімінде өзіне қол жұмсады - Оқиға|05 Қаңтар 2013, 21:00
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қарағандылық әйел полиция бөлімінде өзіне қол жұмсады

ҚАРАҒАНДЫ. 5 қаңтар. BAQ.kz - Қарағандыда жанжал шығарды деген күдікпен ұсталған әйел полиция бөлімінде өзіне пышақ жарақатын салған.

Kazakhstan Today ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, оқиға Қарағанды қаласының Оңтүстік Шығыс полиция бөлімінің ғимаратында болған. Пәтерінде жанжал шығарғаны үшін полиция бөліміне жеткізілген 34 жастағы әйел күре тамырын кеспек болып, қолын жаралаған.
Облыстық медицина орталығы дәрігерлерінің мәлімдеуінше, жарақаттанған әйел ауруханаға өзі барған.
"Зардап шегушінің оң қолының білегі кесілген. Ол өзін-өзі полиция бөлімінде жарақаттағанын айтты. Айтуынша, ол полицейлердің өзін спирттік ішімдік ішу және жанжал шығару фактісі бойынша қамауға алғанымен келіспеген", - деп хабарлады денсаулық сақтау мекемесі мамандары.

Қазірде прокуратура мен ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы полиция бөліміне жеткізілген адамның неліктен өзін жарақаттағанын анықтауға кіріскен. Сонымен қатар полицейлердің неліктен дәрігер шақыртпай зардап шегушіні босатып қоя бергені де тексерілуде.
Қ.Ахметов
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер