Қарағандыда мас күйінде ұсталған жүргізуші өзін атып тастады   - Оқиға|27 Шілде 2017, 15:47
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарағандыда мас күйінде ұсталған жүргізуші өзін атып тастады  

Қарағандыда рөлге мас күйінде отырғаны үшін хаттама толтырылған жүргізуші үйіне келген соң, өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров айтып берді.

Оның айтуынша, Михайлов полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы еңбек демалысында жүрген кезінде тасжолда әр жолаққа бір шығып, жолдың жиегіне келіп тоқтаған көлікті көреді.

«Полицей көлікке жақындап келіп, жүргізушіге ескерту жасайды, ал ол балағат сөзбен жауап қайтарған. Әңгіме кезінде полиция қызметкері жүргізушіден спирттің иісі шығып тұрғанын сезіп қалады, апаттың алдын алу мақсатында көліктің кілтін алып қоймақ болған. Осы кезде жүргізуші қарсылық көрсетіп, полиция офицеріне бірнеше рет жұдырық жұмсаған», - дейді Бақытжан Құдияров.

Офицер полиция жасағын шақыртқан. Жүргізші АІІБ-ге жеткізіледі. Мамандар аздап ішіп алғанын анықтайды. Оған қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылған.

«Сонымен қатар, ҚР ҚК «Бұзақылық» 293-бабы бойынша материал жасалды. Неге бұзақылық дейсіз ғой? Өйткені полицей ол кезде еңбек демалысында жүрген, яғни онда полиция қызметкерінің өкілеттігі болмаған», - деп түсіндірді ол.

Көлік полиция бөлімінің тұрағына қойылып, жүргізуші босатылған.

Келесі күні ер адамның туыстары полицияға қоңырау шалып, Қарағандының 14-шағын ауданында орналасқан гараж алабында оның мәйіті табылғанын хабарлайды. Ол өзін-өзі атып тастаған. Оқиға орнынан заңсыз сақталып келген қос ауызды шолақ мылтық алынды.Пәтерді тексеру кезінде қоштасу хаты табылды.

«Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама тағайындалды. Сондай-ақ, қызметтік тексеріс жүргізілуде, материал облыстық ІІД-нің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына жолданды», - деп түйіндеді Бақытжан Құдияров.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер