Қарағандыда із-түзсіз жоғалған жігіт өлі күйінде табылды - Оқиға|07 Қыркүйек 2018, 09:07
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қарағандыда із-түзсіз жоғалған жігіт өлі күйінде табылды

Фото: әлеуметтік желіден

Қарағандыда 16 тамыздан бері іздеуде болған Молодежный ауылының тұрғыны 28 жастағы Рустам Борчашвилидің жансыз денесі Қ.Сәтбаев атындағы су арнасынан табылған. Ішкі істер департаменті аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады, деп xабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

5 қыркүйек күні Қ.Сәтбаев атындағы каналдың №20 су сорғыз станциясының аумағынан ер адамның денесі табылған. Ер адамның жеке басы анықталып, оның 16 тамыздан бері іздеуде болған Рустам Борчашвили екендігі анықталды. 28 жастағы жігіт 16 тамыз күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. 27 тамыз күні куәгерлер оның Мирный елдімекенінің жанындағы автокемпинг алдынан белгісіз біреудің көлігіне отырып жатқанын көрген. Осыдан кейін Р.Борчашвилидің отбасы Рустамды көрген-білген, не болмаса оның қайда екендігі жайлы ақпарат берген адамға 1 млн теңге көлемінде сыйақы беретіндігін айтқан болатын. Жансыз денесі табылған жігіттің өліміне не себеп болғанын сот медициналық сараптама анықтайтын болады.

«28 жастағы ер адамның өлімі фактісіне байланысты сот медициналық сараптама тағайындалды. Басқа ақпарат тергеудің құпиялығына байланысты жария етілмейді», - дейді Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз xатшысы Бақытжан Құдияров.

1990 жылы туылған Рустам Борчашвили Молодежный ауылында тұрған. Оның отбасында кішкентай қызы өсіп келеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер