BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарағанды төтенше жағдай орын алған шахтадағы жалын 5 күннен кейін өшірілді

Фото: alau.kz

Қарағандының «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорынына тиесілі «Костенко» атындағы шахтадағы жағдай тұрақтанып, жану процесі тоқтатылды. Кеніштегі апатты жою үшін құтқарушылар мен кеніштің қызметкерлері бірнеше күннен бері жер астында жұмыс жүргізген, деп хабарлайды Baq.kz аймақтық тілшісі.

Бес күннен бері ырық бермеген тілсіз жауды ауыздықтау үшін апаттық учаскеге келетін ауаны қысқарту қажет болған. Қазіргі уақытта жану ошағын толық оқшаулау үшін жарылысқа төзімді бөгет орнату жүргізілуде. Жерасты жұмыстарына «Костенко» атындағы шахтаның 50 қызметкері мен 20-ға жуық құтқарушысы жұмылдырылған.

«Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметінің қызметкерлері жарылысқа төзімді бөгеттен басқа, апат орнында газ-ауа ортасын бақылауға мүмкіндік беретін екі бақылау станциясын орнатты. Кәсіби әскерилендірілген апатты-құтқару қызметінің қызметкерлері мен Костенко атындағы шахта мамандарының бірлескен күш-жігерімен жану ошағы учаскесіне ішінара су құю үшін техникалық ұңғымаларды бұрғылау жүргізіледі», - деді «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының баспасөз хатшысы Татьяна Богомолова.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы баспасөз хатшысының сөзінше, «Костенко» атындағы шахтада қажетті техникалық іс-шаралар жүргізу кезінде осы кәсіпорынның жарты қызметкерлері, яғни 546 адам «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің басқа объектілеріне ауыстырылды. Ал 282 адам еңбекке жарамсыздық бойынша және кезекті еңбек демалысында.

Еске салайық, 10 наурыз күні Қарағандыда «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына тиесілі «Костенко» атындағы кеніште өрт шыққан болатын. Апат салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Аталған оқиғадан кейін «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының барлық өндіріс орындарында көмір департаментінің стандарттарына сай кезектен тыс өрт қауіпсіздігін тексеру жұмыстары жүргізілмек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер