Қарағанды облысында немересі әжесінен 2 миллион теңге ұрлап алды - Оқиға|30 Шілде 2018, 09:36
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарағанды облысында немересі әжесінен 2 миллион теңге ұрлап алды

Фото: 24kz

Әженің 18 жастағы немересі кінәсін мойындады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі NV.kz сайтына сілтеме жасап.

26 маусымнан бастап Қарағанды аймағында «Ұрлық» жедел-профилактикалық шара өтіп, соның нәтижесінде ірі көлемдегі ұрлық анықталды.

«26 маусымда полиция қызметкерлеріне 67 жастағы зейнеткер шағымданған. Ол банк шотынан белгісіз біреу 2 миллион теңге көлемінде қаражатын ұрлап алғандығын айтты. Жедел шаралар нәтижесінде ірі көлемдегі қаражатын зейнеткердің 18 жастағы немересі ұрлағаны анықталды. Ол немересі кінәсін мойындады», - дейді облыстық ІІД баспасөз хабарламасында.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер