Қарағанды ІІД жол бойынан табылған мәйітке қатысты мәлімдеме жасады - Оқиға|18 Маусым 2018, 17:37
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарағанды ІІД жол бойынан табылған мәйітке қатысты мәлімдеме жасады

Фото: NV.kz

Қарағандыға кіреберіс автожолдың бойынан әйел адамның мәйіті табылған болатын. Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметінше, әйелді көлік қағып кеткен, деп xабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Кеше түнде Саран тас жолы мен Сәкен Сейфуллин көшесінің қиылысында жол көлік оқиғасы орын алған.

«17 маусым күні шамамен түнгі 23 сағатта «Volkswagen Polo» автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі жолды жаяу жүргіншілерге арналмаған бөлігінен қиып өтпек болған әйел адамды қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасында әйел адам алған жарақатының салдарынан сол жерде қайтыс болады. ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы, 3-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды»,- дейді Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз xатшысы Бақытжан Құдияров.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қайтыс болған әйелдің кім екенін анықтап жатыр.

«Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шараларына байланысты жұмыстар жүргізілуде. Тиісті сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр», - деді Құдияров.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер