Қарағанды облысында бақташы әйелін өлімші етіп сабаған - Оқиға|25 Шілде 2012, 13:58
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Қарағанды облысында бақташы әйелін өлімші етіп сабаған

  АСТАНА. 25 шілде. Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына қарасты шаруа қожалықтардың бірінде тұруға арналған вагонда 29 жастағы әйелдің мәйіті табылды.

 Тексерудің нәтижесіне сәйкес, әйел басынан алған қатты соққыдан кейін жан тәсілім еткен, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

 Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының барысында марқұм әйелдің шаруа қожалығында бақташы болып жұмыс істейтін күйеуі ұсталды. Ер адам бастапқыда әйелінің баспалдақтан құлап қалғандығын айтса, кейін көрсетілген айғақтарға қарсы келе алмай, оны өзара келіспей қалғандықтан ұрғандығын мойындады. Оқиға орнынан қамшы алынды.

 ҚР ҚК-нің 103 бабы 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру амалдары жүргізілуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер