Іле Алатауы ұлттық паркінде қаза тапқан 12 адамның барлығының аты-жөні белгілі болды - Оқиға|29 Тамыз 2012, 15:09
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Іле Алатауы ұлттық паркінде қаза тапқан 12 адамның барлығының аты-жөні белгілі болды

АСТАНА. 29 тамыз. BAQ.KZ - Іле Алатауы ұлттық  паркіндегі қаза тапқан 12 адамның қалған алтауының аты-жөні белгілі болды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің брифингінде осы ведомствоның ресми өкілі Нұрділда Ораз мәлімдеді.

- Іле Алатауы ұлттық  паркінде қаза тапқандардың барлығының мәйіті сот медициналық зерттеуден өтіп, нәтижесінде алтауының аты-жөні белгілі болды. Бірақ, бұл ресми түрде бекітілмегендіктен, медициналық сараптаманың нәтижесі толыққанды дұрыс дей алмаймыз, - дейді Нұрділда Ораз.
Аты-жөні анықталған алты адамның тізімі төмендегідей:


1. Иван Алексеевич Шагин, 1947 жылы туылған;
2. Василий Юрьевич Добрянский, 1958 жылы туылған;
3. Дмитрий Петрович Турищев, 1975 жылы туылған;
4. Светлана Петровна Турищева, 1973 жылы туылған;
5. Виктория Дмитриевна Турищева, 1999 жылы туылған;
6. Емберген Таймырзаев, 1973 жылы туылған;
Сондай-ақ, Нұрділда Ораздың айтуынша, өртенген үйдің иесі Светлана Турищева екен. Жақында молекулалық-геномдық сараптама жұмыстарын жүргізу арқылы қаза болған жандардың барлығының аты-жөндері ресми түрде анықталады.
- Мұнда тексеру тобы үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Жақын арада мәселенің барлығы анықталады деген сенім бар, - дейді ведомстваның ресми өкілі.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер