Іле Алатауы саябағынан он екінші адамның мәйіті табылды - Оқиға|27 Тамыз 2012, 09:25
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Іле Алатауы саябағынан он екінші адамның мәйіті табылды

Іле Алатауы саябағының аумағынан он екінші адамның мәйітінің табылғанын өз сұхбатында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов растады.

Вnews.kz хабарлағандай, атап айтқанда, министр ІІМ-нің қазіргі таңда саябақта 12 адамның қаза тапқанын растайтынын мәлімдеді. Оның ішінде қорықшы Захаропуло жасағының алты адамы мен екінші қорықшының алты адамы бар. 
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысындағы Іле Алатауы ұлттық саябағынан бастапқыда жеті адамның мәйіті табылды. Тағы екі адам қорықшының үйінен табылды. Сондай-ақ үш адамның – екі ер адам мен бір әйелдің мәйіті қорықшының үйінен екі шақырым жерден табылған болатын. Сонымен қатар екінші қорықшының өртенген үйінен 25 шақырым жердегі қирандылардың арасынан тағы үш адамның денесі табылды. Ізінше оқиға орнына жақын жерден, тергеу бөлімінің шамалауынша, өлтірілген қорықшының ұлының сынған көлігі де табылды. Көліктен тергеушілер қанның іздерін тапты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер