Іле Алатауы паркінің қорықшысы 26 жерінен пышақталған - Оқиға|09 Қыркүйек 2012, 23:05
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Іле Алатауы паркінің қорықшысы 26 жерінен пышақталған

АЛМАТЫ. 9 қыркүйек. BAQ.KZ – Алматы облысындағы Іле Алатауы ұлттық паркі аумағында кісі қолынан қаза тапқан қорықшы Панайот Захаропулоның 26 рет пышақталғаны анықталып отыр. Ал оның зайыбының денесінен 25 пышақ жарақаты табылған. Бұл туралы бүгін КТК телеарнасының «Портрет недели» бағдарламасында айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, Іле Алатауы табиғи паркі аумағынан бірнеше адамның денесі табылғаны жөнінде 13 тамызда жария болды. Бастапқыда қорық аумағының әр жерінен айуандықпен өлтірілген 7 адамның мәйіті табылған. Артынша сол маңайдан тағы бірнеше адамның денесін тапқанын хабарлады құқық қорғау органдары. Ең соңғы мәліметтерге сүйенер болсақ, қорық төңірегінде жұмбақ жағдайда ажал құшқандар саны 12-е жетті.
Әзірше құқық қорғау органдары қанды қырғынның нақты себебін, оған кінәлілерді атаған жоқ. Тек оқиғаға себеп болуы мүмкін делінген бірнеше жорамал ғана айтылуда.
Оқиғаға қатысы болуы мүмкін деген күдікпен Алексей Шкилев атты қорықшы тұтқындалып, тергеліп жатыр.
Ал, Панайот Захаропулоның ұлы Игор Захаропулоның тағдыры белгісіз болып тұр. Ол аталған оқиғадан соң із-түзсіз жоғалған. Оның автокөлігі Ақсай шатқалынан табылды. Машина ішінен қан іздері анықталған.
Қ.АХМЕТОВ
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер