Іле Алатауы паркінде жанып кеткен үйден тағы бір жәбірленушінің мәйітін іздеуде - Оқиға|22 Тамыз 2012, 14:57
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Іле Алатауы паркінде жанып кеткен үйден тағы бір жәбірленушінің мәйітін іздеуде

АСТАНА. 22 тамыз. BAQ.KZ - Іле Алатауындағы Ұлттық паркте жанып кеткен қорықшының үйінен тағы бір жәбірленушінің мәйіті іздестіріліп жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігіндегі брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz. 

«Өздеріңіз білетіндей, қазіргі таңда Іле Алатауындағы Ұлттық паркте болған қылмысты ашу үшін бірқатар іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында жанып кеткен қорықшының үйінен тағы бір жәбірленуішінің мәйіті табылуы мүмкін екенін жеткізгім келеді. Сот-медициналық сараптамадан кейін ғана бұл ақпараттың шын немесе жай болжам екені анықталады», - деді Н.Ораз.

Естеріңізге саламыз, Алматы облысындағы Іле Алатауы ұлттық табиғи паркі аумағынан, Тау самалы ауылынан 30 шақырым қашықтықтағы жерден бір-бірінен бірнеше шақырым қашықтықта жатқан 11 адамның мәйіті табылды.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер