Халық сөзі газетінің тілшісіне қастандық жасалды - Оқиға|24 Шілде 2012, 12:22
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Халық сөзі газетінің тілшісіне қастандық жасалды

АСТАНА. 24 шілде. BAQ.KZ - «Халық сөзі» газетінің тұрақты авторы Марат Мадалимовты белгісіз біреулер үйінің жанында соққыға жығып, пышақтап кетті. Бұл туралы аталған басылым хабарлады.

"Газетімізде жарияланған «Қазақ мафиясының ақиқаты мен аңызы» атты сериялы материалдарынан кейін М.Мадалимов өзіне, отбасына күдікті әлдебіреулер телефон соғып, қорқытқысы келгенін, әлі күнге дейін маза бермей жүргенін хабарлаған еді. Тілшіміздің денсаулығына, отбасының амандығына қатер төндіруден сақтанып, редакция жоғарыда аталған сериялы сұхбатты жариялауды тоқтатуға мәжбүр болған. Осы суыт оқиғадан кейін енді-енді ес жыйып келе жатқан Мараттың қазір денсаулығы бірқалыпты. Келесі санымызда болған оқиғаның анық-қанығын жариялайтын боламыз" деп жазды Халық сөзі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер