BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Граффити суреттер – жасырын есірткі жарнамасы

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ. Елордада жыл басынан бері синтетикалық есірткіні тарататын сайттардың атауы көрсетілген 40 граффити сурет анықталды. Бұл туралы қалалық ІІД хабарлады.

Бүгінде полиция департаментімен синтетикалық есірткі заттарын интернет арқылы тарату және оның заңсыз жарнамасына уақытылы төтеп беру бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде.

Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен «Сарыарқа» аудандық Жергілікті полиция қызметінің бөлімінің басшылығымен ұйымдастырылған, «Нашақорлықтың алдын алу және профилактикасы» және «Заңсыз есірткі айналымына қарсы жүргізілетін ЖПК, коммуналдық қызметтер мен полицияның бірлескен жұмысы» сұрағы бойынша Астана қаласындағы жекеменшік пәтер кооперативтері, коммуналдық қызметтердің қатысуымен кездесу өткізілді.

Аталған қызметтердің 150-ге жуық қатысушылары кездесуде жоспарланған сұрақтарды талқылай отырып, нашақорлық пен есірткі бизнесіне тек бірлесіп, және қоғамның қатысуымен ғана төтеп бере алатынын алға тартты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер