Елордалық полицей қылмыстық істі тоқтату үшін пара алған - Оқиға|12 Қыркүйек 2018, 17:46
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Елордалық полицей қылмыстық істі тоқтату үшін пара алған

Фото: donetsk.kp.ru

Елордалық полицей тіркелген қылмыстық істі тоқтату үшін 300 мың теңге көлемінде пара алған. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Жанна Бастарова Агенттікте ұйымдастырылған баспасөз мəслихатында өткен аптада ішкі істер органдары қызметкерлеріне қатысты бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелгенін айтты.

«6 қыркүйекте Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Астана қаласы ішкі істер департаментінің Есіл аудандық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің басшысын парамен әшкереледі. Ол өзіне бағынышты делдал арқылы тіркелген қылмыстық істі тоқтату үшін 300 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктеліп отыр. Өз кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктілер қамалған жоқ», - деді Жанна Бастарова.

Бұған дейін Атырау полицейлері мен алматылық көлік инспекторларының парамен ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер