Алматы облысындағы тасжолды су шайып кетті - Оқиға|25 Мамыр 2018, 11:53
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматы облысындағы тасжолды су шайып кетті

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Облыстық маңыздағы «Арықты-Қорғалжын» тасжолын су басып кетуі салдарынан жолда келе жатқан көлік жыраға түсіп кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК-ға сілтеме жасап.

«2018 жылы 23 мамыр күні сағат 12:30-да Қорғалжын ауылынан 38 шақырымдық жерде облыстық маңыздағы «Арықты-Қорғалжын» тасжолының кей бөлігін су басқаны туралы хабар келді. Қатты соққан жел салдарынан жолдың 100 метр жерін тереңдігі 10-30 см аралығында су басқаны анықталды. Ол жерде кезекшілік ұйымдастырылып, жолдың су басқан бөлігінде жылдамдықты шектеу белгісі қойылды», - делінген баспасөз қызметі мәліметінде.

Сондай-ақ, елді мекендер мен Қорғалжын ауданындағы автожолдарды су басу жағдайы тіркелмегені және зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ екені айтылады.

«Автожолдың оң жағындағы жыраға УАЗ-3962 көлігі түсіп кетті. Оған жүргізушінің жолдың қауіпті бөлігінде қауіпсіздік шараларын сақтауға салғырт қарап, бағдарды жоғалтып алғаны себеп болған. Сағат 16:21-де көлік судан шығарылды», - делінген ведомствода.

Сағат 17:30-да жел басылғаннан кейін жолдың су басқан бөлігіндегі көлік қозғалысы қалыпқа келтірілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер