Челах психиатриялық орталықтан Үшаралға жөнелтілді - Оқиға|24 Шілде 2012, 15:42
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Челах психиатриялық орталықтан Үшаралға жөнелтілді

Шекарашы Владислав Челах республикалық ғылыми-тәжірибелік психотерапия және наркология орталығынан (РҒТПНО) Үшаралдың уақытша тергеу изоляторына қамауға жіберілді.

ҚазТАГ хабарлағандай, Владиславтың атасы Владимир Челах бұл туралы: «Бүгін оны алып кетті. (РҒТПНО-дан – ҚазТАГ) Бізге жүзін де көрсетпеді. Біз қорғаушылармен де, тергеушілермен де сөйлестік. Сол жаққа жетіп, қамау орны анықталғаннан кейін ол (тергеуші – ҚазТАГ) қорғаушымен кездесуге рұқсат етсін деп өтіндік. Мұның қашан болатынын білмейміз. Бәлкім бүгін, бәлкім ертең жеткізер», - деді.

Челахтың атасының айтуынша, немересін уақытша қамауға Үшаралға жібермек. Сол жерге «Арқанкергенде» қайтыс болған шекарашылардың туыстары да келмек. Владислав Челахтың атасы олармен кездесіп, мән-жайды түсіндіргісі келеді: «Мен қайтыс болғандардың туыстарымен кездесіп, сөйлессем деймін. Баламның кінәсіз екеніне олардың көзін жеткізгім келеді. Тек басқалар тарапынан арандатушылық болмаса игі.

Шекарашылардың туыстары менің жағдайымды түсінеді деп үміттенемін. Бұл біздің қайтыс болған ұлдары үшін қайғырып жүрген ата-аналардың қайғысына ортақ екенімізді көрсетпек».


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер