Челах: "Арқанкергенге шабуыл жасалып, өзім әрең қашып құтылдым" дейді - Оқиға|27 Шілде 2012, 08:38
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Челах: "Арқанкергенге шабуыл жасалып, өзім әрең қашып құтылдым" дейді

Арқанкерген шекара бекетінде қаза тапқан сарбаздардың ата-аналары оқиға орнын өз көзімен көру үшін Үшаралға жинала бастады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.  



Бүгін шекара қызметінің өкілдері қайғы жұтқан отбасы мүшелерін қарсы алып, дайындық жұмыстарына кірісті. Әскери бөлім басшылығы ескерткіштің ашылу рәсімі бүгін өтеді деген болатын. Бірақ аяқ асты шара ертеңге ауыстырылды.

Ал арыстай ұлдарынан айырылып, қара жамылған ата-аналарды Владислав Челахтың кешегі мәлімдемесі ойландырып отыр. Көкейдегі сұрақтарын енді сол қанды қылмысты тергеп жатқан әскери прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшыларына қоймақ. Олармен кездесу де ертеңге жоспарланған.

Естеріңізге салсақ, қазақ-қытай шекарасындағы қанды қырғын мамыр айының соңында орын алған-ды. 14 қызметтесі мен бір қорықшыны қырып салып, артынан қылмысын жасыру үшін заставаны өртеп жібергенін шекарашы Челахтың өзі де мойындаған болатын. Алайда кеше тергеушілерге берген жауабынан тайқып шыға келді. Тіпті «Арқанкергенге қарулы топ шабуыл жасады, өзім әрең қашып құтылдым» деп айды аспанға бір-ақ шығарған көрінеді. Істің мән-жайын ата-аналар енді құзырлы орган өкілдерінің өз аузынан естігенді жөн көріп отыр.

«Бізді ертең жинап Арқанкергенге апарады. Сол жерді көреміз. Тергеу бойынша қоятын сұрақтарымыз бар. Күдіктілері айтқандарынан айнып қалыпты. Тергеушілер себебін түсіндірсін», - деді Ерлан Ақышевтің әкесі Ерғали Ақышев. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер