Біртанов менингококктан көз жұмған 5 жасар бала туралы түсініктеме берді - Оқиға|04 Маусым 2018, 12:57
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Біртанов менингококктан көз жұмған 5 жасар бала туралы түсініктеме берді

Фото: gagauz.md

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыда менингококк жұқпасынан көз жұмған бес жасар балаға қатысты түсіністеме берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Министрдің қатысуымен Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналист Алматыда көз жұмған бес жасар баланың жағдайына қатысты сұрақ қойды.

«Кім кінәлі?» деген мәселе құқық қорғау органдарында шешіледі. Егер құқық қорғау органдарына тиісті арыз түссе, тергеу жүргізіліп, сот шешім қабылдауы тиіс деп санаймын. Денсаулық сақтау министрлігінің жедел жәрдем көрсету тәртібі туралы тиісті бұйрығы бар. Онда жағдайы ауыр науқас жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізілуі керектігі айқын жазылған. Балаға қатысты жағдайда, бүлдіршінді жақын маңдағы Талғар ауруханасына жеткізбек болған, алайда баланың анасы Алматыға өзі барып, сол жерден жедел жәрдем шақыртқан. Осылайша уақыт жоғалтқан. Ал оның туысқанына қатысты айтар болсам, баланың анасының сөзінше, науқасты Талғардан Қаскелеңге жеткізбек болған. Бұл жағдайға байланысты бәрін анықтаймыз, еліміздегі барлық адам өлімі бойынша қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті сараптама жүргізеді», - деді Біртанов баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, 2 маусымда Алматыда 5 жасар баланың менингококк жұқпасының тез формасынан көз жұмғаны мәлім болды. 3 маусымда оның туыстары баламен жақын қатынаста болған келіндерінің қаза тапқанын білген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер