Белгісіз біреулер жасөспірімнің қолына «күштеп» қыздың есімін жазыпты - Оқиға|24 Шілде 2012, 15:48
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Белгісіз біреулер жасөспірімнің қолына «күштеп» қыздың есімін жазыпты

Ақмола облысында жұмбақ қылмыс орын алды. Белгісіз біреулер 11 жасар балаға шабуыл жасап, оның қолына ұстараның жүзімен «Аружан» деген есімді жазған. Іске полицейлер араласқанда, оқиға күтпеген бағытқа өзгерді.

 

Целиноград аудандық прокуратурасына баласының шабуылға ұшырағаны туралы ата-анасы шағымданған. Бұл жөнінде «Экспресс К» жазады. Олар «Континент» балалар лагерінен оралғанда ұлының қолына қыз есімінінің жазылғанын байқайды.

Бала түнде бетіне бетперде киген белгісіз біреулердің оған шабуыл жасап, қолына қыз есімін күштеп жазып кеткендігін айтып берген. Жасөспірім бұл оқиғаны шындыққа жанасатындай етіп баяндағаны соншалықты, оған тіпті полицейлер де сеніп қалған. «Қылмыстың» бетін жасөспірімдер ісі бойынша инспектор, педагог Ғазиз Аманжолов ашты. «Лагерьде бала бір қызды ұнатып қалыпты. Өзінің сезімін ол осы әдіспен білдірген, бөтелке сынығымен қолына қыздың атын жазған», - дейді Ғ.Аманжолов.

Үйге келгеннен кейін әкесінің ашуынан қорыққан бала түнгі шабуыл туралы оқиғаны ойлап тапқан. «Аружан» деген жазудың шын мәнінде қалай пайда болғанын білген ата-ана жас Ромеоны жазаламапты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер