Батутпен болған төтенше жағдайда жарақат алған қыз жансақтау бөлімінде қалады — дәрігер - Оқиға|10 Мамыр 2018, 14:45
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Батутпен болған төтенше жағдайда жарақат алған қыз жансақтау бөлімінде қалады — дәрігер

Астанадағы қалалық №2 аурухананың бас дәрігері Біржан Дасмайылов батуттың аударылуы салдарынан ауыр жарақат алған балалардың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазіргі сәтте бес бірдей бала ауруханада жатыр. Олардың біреуі жансақтау бөлімінде, қалған төрт бала профильді бөлімде. Осы күнге дейін жансақтау бөлімінде үш бала жатқан болатын. Бүгінгі тексеруден кейін жағдайы жақсарған екі бала профильді бөлімге ауыстырылды. Яғни екі бала травматология, ал екі бала нейрохирургия бөлімінде, біреуі жансақтау бөлімінде қалады», - деді дәрігер.

Емді әрі қарай жалғастыру мақсатында консилиум ұйымдастырылып, таяу шетелдегі мамандардан кеңес алды.

Әсет Исекешев жәбірленушілердің ата-аналарымен кездескен кезде ІІД мен ТЖД жағдайды бақылауда ұстап тұрғандарын айтқан. Сондай-ақ, ол айыптылардың тиісті жазасын алатындарын мәлімдеген. Астана полицейлері ҚР ҚК 306-бап 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер